"Сырдария аудандық орталықтандырылған*
                       кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 19
Статистика

Барлық онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті

Тереңөзек — терең жатқан жер төсі,
Тереңөзек — Сырдың сұлу еркесі.
Тереңөзек — ән мен жырдың отауы,
Тереңөзек — таланттардың өлкесі.


Өлке тарихы-ұрпақ тарихы

          1928 жылдың қаңтар айында Қазақ ССР-ның Жоғарғы Кенесінің Жарлығымен Тереңөзек ауданы болып құрылған кезде аудан құрамында 18 ауылдық кеңес болды. 1997 жылы көршілес жатқан Сырдария ауданымен қосылып, Сырдария ауданы аталынды. Аудан орталығы Тереңөзек кенті. Ауданның әкімшілік-территориялық аумағына бүгінде 15 ауылдық округтер кіреді, халқының саны 40 мың адамға жуық, жер көлемі – 4,1 млн. гектарды құрайды.
          Сырдария – киелі жер. Мұнда Асанас, Қожа Жаһан, Сайыпназар ахун, Тапал ахун, Құлболды ишан, Оразай ишан, Ахмет ишан, Мүлкілән әулие, Қалжан ахун, Садық ахун, Махтұм Сейіт және тағы басқаларының зираттары бар.
          Ауданның қалыптасуына, дамып-өркендеуіне бүгінгі қалпында жетуіне өздерінің қажыр-қайратын жұмсай білген басшы азаматтардың – Н.Бердіқұловтың, Қ.Қазантаевтың, Е.Жүнісбаевтың, Н.Ергешбаевтың, А.Божанованың, О.Мәлібаевтың, Ж.Азаматовтың, А.Бисеновтың, О.Бәйімбетовтың, Қ.Әбуовтың, Ә.Атақаевтың, Ш.Құндызбаевтың, Ә.Оразалиевтың, Н.Жүндабековтың және т.б. есімдерін аудан халқы әлі күнге зор ілтипатпен айтып жүр.
          Егін егіп, мал бағып, ауданның ауыл шаруашылығын көтеруге өздерінің қарапайым еңбегімен үлес қосқан күріш өсірудің шеберлері, Еңбек Ерлері – Қасым Бөдеевтің, Дүйсенбай Керейтбаевтың, Ибадулла Ақниязовтың, Күлянда Абдраманованың, Цой Ги Хваның, Балдырған Мұстапаеваның, Амангелді Ахметовтың, шопандар Ахмет Халықовтың, Айша Меңлібаеваның, құрылысшылар Бақытжан Серімбетовтың, Қуаныш Сарбөпеевтің, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі депутаттары болған күрішшілер Бексұлу Синаеваның, Райкүл Жалғасбаеваның, Күляш Әсімованың, сауыншы Күлжан Әуезованың, шопан Сейітбек Мінайдаровтың механизаторлар «Ленин» орденді Ырысты Өкшебаеваның, сауыншы С.Өмірзақова, ІІ-ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденінің иесі, шопан Қыпшақбай Күліковтің еңбектері зор. Бұлар күні бүгінге дейін сырдариялықтардың мақтанышы.
          Ауданның атын әйгілеп, даңқын асырған еңбек адамдары ғана емес, дарынды да талантты ақын-жазушылар. Жыр күмбезіне 41 мың жол жыр жауһары «Көріғұлы» дастанын жырлап қосқан Рахмет жырау Мәзқожаев, Қазақстанның халық жазушысы Әбділда Тәжібаев пен Қалтай Мұхамеджанов, белгілі ақындар Әбіраш Жәмішов, Сейфулла Оспанов, күллі түркі дүниесінің ірі қоғам қайраткері – Мұстафа Шоқай, академиктер Шахмардан Есенов, Мұхамеджан Қаратаев, Мүсілім Базарбаев, Мұхтар Алшынбаев, Мырзабек Дүйсенов, Алма Қыраубаева, әдебиет пен өнердің саңлақтары Сұлтан Ходжиков, Асфандияр Жанкин, Сәбира Майханова, Айтбай Хангелдин, Сұлтанәлі Балғабаевтар осы елдің перзенттері.
          Сұрапыл, Ұлы Отан соғысы кезінде мыңдаған сырдариялықтар қан майданда Отанын қорғауда ерліктің үлгісін көрсетті, сөйтіп үлкен жеңіспен елге оралып, бейбіт өмірде де жанқиярлықпен еңбек ете білді.
          Кеңес Одағының Батырлары Нағи Ілиясов, Жаппасбай Нұрсейітов, Жақыпбек Маханбетов, «Данқ» орденінің толық иегері Кәкім Әбдікадыров, Ыбырай Сейпұлов, Уалибек Әбдуов, Бәкір Өтепов, Қажыман Асанов, Әсербай Айкупешов, Асқар Едербаев және басқа да әке-ағаларымыз майданнан оралысымен ауданның экономикасы мен мәдениетін өркендетуге өз үлестерін қосып, тарихта өшпес із қалдырды.
          Қазіргі таңда аудан бойынша 17 орта, 1 әуез,1 кешкі мектеп, Оқушылар ұйі, «Жалын» тынығу лагері, 9 мектепке дейінгі даярлық титтегі балалар бақшалары жұмыс істейді.Аудандық білім беру және спорт бөліміне қарасты 17 орта мектептің 17-де интернет желісіне қосылып, интернет байланысын оқу-тәрбие процесінде толық пайдалануда.
          Ауданымызда 1 аудандық мәдениет үйі, 1 мәдениет кешені, 15 ауылдық мәдениет және клуб ұйлері және 1 аудандық кітапхана , 1 балалар кітапханасы және 15 ауылдық кітапхана және аудандық өлкетану мұражайы мекемелері өз тарихына елеулі үлес қасып, халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп келе жатқан мекемелер.
Форма входа
Поиск
Календарь
«  Наурыз 2024  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Архив записей
Друзья сайта

Сырдырия кітапханасы © 2024
Хостинг от uCoz