"Сырдария аудандық орталықтандырылған*
                       кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 19
Статистика

Барлық онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

КІМ-КІМ ЕКЕНІ...

baseke

Г. Нұржакиева

     Ғасырлар қойнауында қалған көне тарихымызға көз тоқтатсақ, еліміздің қоғамдық-саяси және мәдени өмірінде әйел-қыздардың ролі әрдайым биік тұрған. Бүгінгі мезгіл мінберінде – кітапханашы кәсібімен ауыл мәдениетінде өз қолтаңбасын жасаған, аудан көлеміндегі кітапхананың келелі мәселелерінде сәтімен шешімін тауып жүрген, кітапхана ісін дамыту, кітапханашылардың мәртебесін көтеру , кітапхананың ел мүддесі үшін қажеттілігін арттыру мақсатында еңбек етіп жүрген «Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесінің директоры . Нұржакиева Гүлстан Сансызбайқызының өзіндік ізі бар еңбек жолы жайлы әңгіме өрбітсек: 1982 жылы Алматы қыздар педагогикалық институтының «кітапханашы-библиограф» мамандығын бітіріп келіп, еңбек жолын аудандық орталық кітапхананың әдіскері қызметінен бастады. Ол жұмыс істеген кезеңдер ішінде маман кітапханашы ретінде теориялық даярлығын күнделікті жұмыс тәжірибесімен ұштастырып, ізденіс арқылы өз мамандығының қыр-сырын меңгере білді. 1994 жылдан бастап Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры қызметін атқарып, аудан бойынша жүйедегі кітапхана жұмысына басшылық жасап келеді.Тәжірибелі маман кітапхана жұмысына оң өзгерістер енгізуде барынша күш-жігерін жұмсады. Осы бағытта аудан кітапханаларының материалды-техникалық базасын жақсартып, кітапханалар жұмысын озат тәжірибеге айналдыруға күш салды. . Қ.Р.ның 1995-1997 жылдары жүргізілген «оңтайландыру» саясатында кітапханаларды, олардың кітап қорын сақтап қалу мақсатында, көп жылдар қызмет атқарып отырған кітапханашылардың жұмыс орнын сақтап қалу бағытында өзінің іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілетін танытты. Соның айғағы ретінде көп кітапханалардың қысқаруына және мектеп кітапханаларына қосылып кетпеуіне жол бермеу мақсатында көпшілік құрметіне бөленді. Г.Н. басқарған, аудан халқына рухани азық беретін кітапханалар жүйесі игі істердің ұйытқысы болып келеді. Халыққа мәдени қызмет көрсетуде жоғарғы көрсеткішке жеткені үшін 1997 жылдың қорытындысы бойынша «Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі жыл жеңімпазы болып танылып, облыстық мәдениет басқармасының «Құрмет дипломымен» марапатталды. 1998 жылдың қазан айында облыстық дәрежеде «Кітап –сарқылмас білім бұлағы» атты кітап қорын толықтыру акциясы өткізіліп, клуб, мәдениет үйлері көлеңкесінде елеусіз қалып бара жатырған рухани ошақ – кітапханаларға серпіліс жасалды. 1999 жылы жүйе кітапханалары үшін ізгілікке бет бұрған жыл болды. Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат, қоғамдық келісім Министрлігінің қаулысына сәйкес «Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекеме болып қайта құрылып, заңды тұлға болып тіркелді. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі Қазақстан Республикасының «2000-Мәдениетті қолдау жылы» жарлығына, облыс әкімінің 2000-2002 жылдарға арналған «Сыр мәдениет –жаңа ғасырда» атты бағдарламасына сәйкес іс-шара қабылдап, мәдениеттің рухани көзі –кітапты насихаттай отырып, оқырмандарды көбірек тартуға көңіл бөлді. Жалпыхалықтық «Қамқор» мәдени акциясы 2000 жылдың 15 шілде-15 тамыз аралығындағы кезеңге белгіленіп, «Кітапханаға кітап сыйла» атты акция Қоғалыкөл ауылдық кітапханасында ауыл әкімшілігі және аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілді. Шараның мақсаты: ауыл кітапханасының материалдық-техникалық базасын жақсарту, кітап қорын толықтыруға демеушілік таныту, қолдау көрсету болды, нәтижесінде қаржылай және кітаптай көмек көрсетілді, яғни кітапхананың ауыл өміріндегі алар маңызы мен мәртебесі арттырылды. Өтпелі кезеңде кітапхананың кітап қорын толықтыру жұмыстары да кенжелеп қалған болатын. 2000 жыл бойына облыстық қаржыдан 170685 теңгеге 815 дана кітап кітапхана қорына қосылса, осы кезеңнен бастап жүйедегі кітапханалардың кітап қорын толықтыру жұмыстары да өз кезегімен жалғасын тауып келеді. Кітапхана саласында өтпелі кезеңнің қиындығын басынан өткерген тәжірибелі басшы Г.Н. өзінің тәжірибесі мен біліктілігінің арқасында жол тауып, кітапхана жұмысын өз дәрежесіне лайықты ұйымдастырып, басшылық жасап келеді. Жыл сайын кітап қоры мемлекетіміздің баспаларынан жарық көрген жаңа әдебиеттермен толықтырылып, оқырмандардың әдебиетке деген сұраныстарына толығымен жауап беруде. Оқырмандар сұранысының өсуіне және тақырып аясының кеңеюіне байланысты кітап қорын толықтыру акциясы облыстық дәрежеде өткізіле бастады. Облыстық «Ауыл келбеті» бағдарламасына сәйкес 2001 ж. Айдарлы ауылдық кітапханасында «Ауыл мәдениетінің түп қазығы-кітапхана» атты облыстық дәрежедегі семинар-кеңес өткізілді. 2002 жылы Қалжан ахун ауылдық кітапханасында «Ұлттық құндылықтардың рухани қазынасы -кітапхана» деген тақырыпта көшпелі кеңес өткізілді. 2002 жылы кітапхана ісін дамытуда жеке адамның рухани дамуына ықпал ететін ақпаратты тең дәрежеде пайдалануға бағытталған мақсатпен аудан көлемінде «Үздік кітапхана» байқауы өткізіліп, нәтижесінде Қалжан ахун, Ақжарма, Шіркейлі ауылдық кітапханалары жеңімпаз аталып, облыстық байқауға қатысты. 2003 жылы Орталық Азия және Ресей баспагерлерінің, жазушылар мен ақындардың қатысуымен өткен ІІ халықаралық «Ұлы Жібек жолымен» атты кітап, полиграфия жәрмеңкесіне орай Республикалық ұлттық кітапханада құрылған «Ұлы Жібек жолы» экспедициясы ауданымызда болып, жеке тұлғалардың меншігіндегі тарихи-мәдени маңызы зор құжаттар, қолжазба және сирек кездесетін кітаптармен танысып, Сырлытам, Құлболды ишан кесенесінде болды. Шіркейлі аулындағы Тапал ахун кітапханасынан екі кітап; оқулық және шариғат кітабы өңделіп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қайта түптелді. «2007-2009 жылдарға арналған Қазақстан кітапханаларын жаңарту бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында аудандық орталық кітапханада РАБИС бағдарламасын енгізу және ол бойынша жұмыс жүргізу басталды. РАБИС бағдарламасының 1-ші модулі «Каталогизатор», 2-ші «Ізденіс. Тапсырыс», 3-ші «Оқырмандарды тіркеу», 4-ші «Кітап беру», 5-ші «Администратор» модульдері енгізіліп, іске қосылды. Қазіргі таңда «Каталогизатор» модулі бойынша аудандық орталық кітапхананың кітап қорын енгізу жұмыстары аяқталып, ендігі кезекте кітап қорын өңдеу секторына келіп түскен жаңа әдебиеттерді ендіру жұмыстары жалғасуда. Жүйедегі 17 кітапхана түгелдей компьютерлендіріп, РАБИС бағдарламасының «Каталогизатор» модулі іске қосылды. Қазіргі таңда осы бағдарлама бойынша жұмыстар жүргізіліп, кітаптар электронды каталогке жүйелі түрде енгізілуде. 2009 жылдың қыркүйек айында аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қызылорда облысының 70 жылдығы және Қызылорда қаласының 190 жылдығына орай Облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында облыстық дәрежеде «Туған жерім мекенім,сені жырлап өтемін» атты жергілікті ақындармен кездесу кешінің өткізілуі Сырдария аудандық ОКЖ-нің қоғамдағы орны мен беделінің көтерілгенін көрсетеді. 2011 жылы жүйедегі А. Тоқмағанбетов, Н.Ілиясов ауылдық кітапханаларын модельді жүйеге енгізе отырып, жаңа технологиямен қамтамасыз етілген, оқырмандарға заман талабына сай қызмет көрсететін- үлгілі ауыл кітапханасының жұмысы толыққанды жолға қойылды, яғни, кітапханалық қызмет көрсетудің саны мен сапасы жоғарылады. Олар жаңа технологиямен; интернет желісіне қосылған компьютер, телефон, телефакс, сканермен жабдықталып, жаңартылған « жаңа үлгідегі кітапхана» статусын иеленді. Кітапханаларда оқырмандар мен жастардың сан-салалы сұрақтарына кітап қорын пайдаланумен қатар ғаламтор желісі арқылы ақпараттар алу мүмкіндігіне ие болуда. Келешекте аудандық орталық кітапханадан электронды оқу залын ашу көзделіп отыр. Заман талабына сай жаңартылған кітапханаларды жолға қою жұмыстарынан басшының іскерлігін көруге болады. Аудан кітапханаларында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың кезекті «Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауын насихаттау мақсатында, насихат жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастырып, ақпарат сағатын, лекциялар жүргізуден басшының ұйымдастырушылығын көруімізге болады. Г.Н. ауданның қоғамдық өміріне белсене араласа отырып, адам жанына аса зор рухани азық беретін кітапхана саласының жаңа қоғамда қалыптасуына күш-жігерін жұмсады. Еңбегі еленіп, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, аудан әкімдігі тарапынан марапаттарға ие болды. 2011 жылы 26-27 қазан күндері Қызылорда қаласындағы өткізілген ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қазақстан кітапханалары тәуелсіздік жылдарында: жетістіктері мен даму бағыттары» атты республикалық конференцияға аудан кітапханашылары түгелдей қатысып, осы үлкен шарада Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Г.Нұржакиева облыс әкімі Б.Қуандықовтың «Алғыс хатымен», Республикадағы кітапхана ісін дамытуда зор үлес қосқаны үшін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының Бас директоры Ж.К.Шаймұханбетованың «Алғыс хатымен» марапатталды. 2013 жылдың тамыз айында ҚР Мәдениет Министрі Құл-Мұхаммедтің қолы қойылған «Үздік мәдениет қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Форма входа
Поиск
Календарь
«  Сәуір 2024  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Архив записей
Друзья сайта

Сырдырия кітапханасы © 2024
Хостинг от uCoz