"Сырдария аудандық орталықтандырылған*
                       кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 19
Статистика

Барлық онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

Кітапхана тарихы

Кітапхана тарихы

                   Кітапхана дүниесі бір әлем. Көпшілік арасында ғылым мен білімнің, ізгілік пен парасаттың дәнін себетін бұл тақырыптың тіршілік тынысы сан- салалы. Адамзат өміріндегі аса қажетті рухани шаңырақ  кітапханалардың пайда болып ел игілігіне қызмет ете бастауының да тарихи сырлары бар

Бұрыңғы Тереңөзек, қазіргі Сырдария ауданының тарихында халыққа мәдени қызмет көрсетіп келе жатқан мекемелердің бірі – «Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік  мекемесі.

             Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы»  Заңын және «Кітапхана ісі туралы Ережені» басшылыққа ала отырып, кітапты насихаттауда және  кітапханаға оқырман тартуда көптеген жұмыстар жүргізуде, яғни мәдени күнтізбек қамтылған жоспарға сәйкес кітапты насихаттай отырып, мәдени шаралар ұйымдастырып өткізуде. Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің де өзіндік даму тарихы бар мәдени ошақ.

      Сырдария аудандық орталық кітапханасы (бұрыңғы Тереңөзек ауданы) 1938 жылы «Қызыл отау» негізінде ашылды. 1946 жылы Қазақстанда мәдениет Министрлігі құрылып, осыған орай ауданда мәдениет бөлімі ұйымдастырылды. 1952 жылы аудандық мәдениет бөлімі жанынан аудандық кітапхана мен аудандық балалар кітапханасы қайта ашылды.    Қ.Р.ның  1996-1997 жылдары жүргізген «оңтайландыру»  саясатына дейін жүйедегі  27 кітапханада 52 кітапхана қызметкері жұмыс жасаса, оңтайландыру саясатынан соң         2 есеге қысқарып, жүйеде 12 кітапхана қалды. Таратылған бұрыңғы Сырдария    ауданынан 5 кітапхана жүйе құрамына енгізілді. Қазіргі таңда барлығы аудан бойынша 17 кітапхана; олар- 1 аудандық орталық кітапхана, 1 аудандық балалар кітапханасы, 15 ауылдық кітапханаларда  31  маман халыққа мәдени  қызметін көрсетуде.

            Аудан халқына рухани азық беретін кітапханалар жүйесі игі істердің ұйытқысы болып келеді. Халыққа мәдени қызмет көрсетуде жоғарғы көрсеткішке жеткені үшін 1997 жылдың қорытындысы бойынша  «Сырдария аудандық  орталықтандырылған   кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі   жыл жеңімпазы болып танылып, облыстық мәдениет басқармасының  «Құрмет дипломымен» марапатталды.

         1998 жылдың  қазан айында облыстық дәрежеде «Кітап –сарқылмас білім бұлағы» атты кітап қорын толықтыру акциясы өткізіліп, клуб, мәдениет үйлері көлеңкесінде елеусіз қалып бара жатырған рухани ошақ – кітапханаларға серпіліс жасалды.

       1999 жылы жүйе кітапханалары үшін ізгілікке бет бұрған жыл болды.   Қазақстан Республикасы  мәдениет, ақпарат, қоғамдық келісім Министрлігінің қаулысына сәйкес «Сырдария аудандық  орталықтандырылған   кітапхана жүйесі»   1999 жылдың қаңтар айынан бастап мемлекеттік мекеме болып қайта құрылып, заңды тұлға болып тіркелді, құрылтай құжаттарға  сәйкес ҚР заңдарының шеңберінде жүзеге асыру құқығы қызмет куәлігінде көрсетілді. Мұнда мемлекеттік мекеменің міндеті мен мақсаты, басқару  жүйесі, есеп жүргізу және ақы төлеу т.б. ережелері көрсетіліп, бекітілген        

           Кітапхана жұмысы  Қазақстан Республикасының «2000-Мәдениетті қолдау жылы» жарлығына, облыс әкімінің 2000-2002 жылдарға арналған «Сыр мәдениет –жаңа ғасырда» атты бағдарламасына сәйкес іс-шара қабылдап, мәдениеттің рухани көзі –кітапты насихаттай отырып, оқырмандарды көбірек тартуға көңіл  бөлді. Жалпыхалықтық «Қамқор» мәдени акциясы 2000 жылдың 15 шілде-15 тамыз аралығындағы кезеңге белгіленіп, «Кітапханаға кітап сыйла» атты акция Қоғалыкөл ауылдық кітапханасында  ауыл  әкімшілігі және аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілді. Шараның мақсаты: ауыл кітапханасының материалдық-техникалық базасын жақсарту, кітап қорын толықтыруға демеушілік таныту, қолдау көрсету болды, нәтижесінде қаржылай және кітаптай көмек көрсетілді, яғни кітапхананың ауыл өміріндегі алар маңызы мен мәртебесі арттырылды.

          Өтпелі кезеңде кітапхананың кітап қорын толықтыру жұмыстары да кенжелеп қалған болатын.  2000 жыл бойына облыстық қаржыдан 170685 теңгеге  815 дана кітап кітапхана қорына қосылса,  осы кезеңнен бастап жүйедегі кітапханалардың кітап қорын толықтыру жұмыстары да өз кезегімен жалғасын тауып келеді.

     2001 жылы ОКЖ жүйесіне  453 000 (мың) теңгеге  стол, орындық, стеллаждары, компьютер алынып, материалдық-техникалық базасы нығайтылды.     

           Соңғы  жылдары кітап қоры  мемлекетіміздің баспаларынан жарық көрген  жаңа әдебиеттермен толықтырылып, оқырмандардың әдебиетке деген сұраныстарына толығымен жауап беруде.

            Оқырмандар сұранысының өсуіне және  тақырып аясының кеңеюіне байланысты кітап қорын толықтыру акциясы облыстық дәрежеде өткізіле бастады.  Облыстық «Ауыл келбеті» бағдарламасына сәйкес 2001 ж. Айдарлы ауылдық кітапхансында «Ауыл мәдениетінің түп қазығы-кітапхана» атты облыстық дәрежедегі семинар-кеңес өткізілді.   

            2002 жылы  Қалжан ахун ауылдық кітапханасында «Ұлттық құндылықтардың рухани қазынасы -кітапхана» деген тақырыпта көшпелі кеңес өткізілді.

             2002 жылы кітапхана ісін дамытуда жеке адамның рухани дамуына ықпал ететін ақпаратты тең дәрежеде пайдалануға бағытталған мақсатпен аудан көлемінде «Үздік кітапхана» байқауы өткізіліп, нәтижесінде Қалжан ахун, Ақжарма, Шіркейлі ауылдық кітапханалары жеңімпаз аталып, облыстық байқауға қатысты.

            2003 жылы Орталық Азия және Ресей баспагерлерінің, жазушылар мен ақындардың қатысуымен өткен ІІ халықаралық  «Ұлы Жібек жолымен» атты кітап, полиграфия жәрмеңкесіне орай  Республикалық  ұлттық кітапханада  құрылған «Ұлы Жібек жолы» экспедициясы ауданымызда болып, жеке тұлғалардың жеке меншігіндей тарихи-мәдени маңызы зор құжаттар, қолжазба және сирек кездесетін кітаптармен танысып, Сырлытам, Құлболды ишан кесенесінде болды.

            2003 жылы «Балалар кітап әлемінде» атты облыстық байқауда аудандық балалар кітапханасының ұйымдастырымен орыс жазушысы, мысалшы, ақыны И.Крыловтың Абай аудармасы бойынша «Шегіртке мен құмырсқа» атты ертегісінен театрланырылған әдеби қойылым облыс орталығында көрсетілді.          

            Аудандық орталық кітапханада РАБИС бағдарламасының  1-ші модулі «Каталогизатор»

    2004 жылдың тамыз айында, 2008 жылдың  мамыр айынан бастап  келесі кезектегі 2-ші «Ізденіс. Тапсырыс», 3-ші  «Оқырмандарды тіркеу» модульдері  бір жүйеге енгізілген үш компьютер іске қосылып, жұмыс жүргізілуде.  

     РАБИС бағдарламасының кезекті 4-ші «Кітап беру», 5-ші «Администратор» модульдері 

    2010 жылдың шілде айында енгізілді. Қазіргі таңда «Каталогизатор» модулі бойынша аудандық орталық кітапхананың кітап қорын енгізу жұмыстары аяқталып, ендігі кезекте  кітап қорын өңдеу секторына келіп түскен жаңа әдебиеттерді ендіру жұмыстары жалғасуда.

         Қазіргі таңда барлығы  100955 дана кітап енгізілді (аталым саны -  19908 ).  

      Жүйеге қарасты ауылдық кітапханаларға да РАБИС бағдарламасы енгізіліп, «Каталогизатор» модуліне  кітап қоры кіргізілуде. Қазіргі  таңда  осы  бағдарлама  бойынша жұмыстар жүргізіліп, жүйедегі 17 кітапхана түгелдей компьютерлендіріп,   кітаптар   электронды каталогке  жүйелі түрде  енгізілуде.

    2009 жылдың  қыркүйек айында аудандық орталық кітапхананың қызметкерлерінің ұйымдастыруымен   Қызылорда облысының 70 жылдығы және Қызылорда қаласының 190 жылдығына орай  Облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында облыстық дәрежеде  «Туған жерім мекенім,сені жырлап өтемін» атты жергілікті ақындармен кездесу кеші өткізілді.

          Кітапхана жұмыстарын жүйелі жүргізу мақсатында мәдениет министрлігінің нұсқауы мен ережесін, бұйрықтарын басшылыққа алып жұмыс істеуде. Аудан кітапханалары қоғамның өтпелі кезеңдерінде көптеген қиыншылықтарын бастан өткергенімен, өзінің тиісті дәрежеде жұмыстарын жүргізу мақсатында мойымай, қажымай-талмай еңбек етіп, қоғамдағы орнын көрсете білді. Әрине, оған аудан басшылығы тарапынан және аудандық мәдениет саласының басшылығы  тарапынан қолдау мен қамқорлық болды.

     2011 жылы жүйедегі  А. Тоқмағанбетов, Н.Ілиясов   ауылдық  кітапханаларын    модельді  жүйеге  енгізе отырып, жаңа  технологиямен  қамтамасыз  етіп,   үлгілі ауыл  кітапханасының   жұмысын   толыққанды  етіп,  жолға қою жұмыстары жасалды.  

         А.Тоқмағамбетов ауылдық кітапханасында-2 компьютер./2011 жылдың сәуір айынан бастап жаңа технологиямен жабдықталып жаңартылған жаңа үлгідегі кітапхана.  2 компьютер /оқырман үшін1-компьютер интернет желісіне қосылған/,   телефон, телефакс, сканьермен жабдықталған.  

         Н.Ілиясов ауылдық кітапханасында-2 компьютер. /2011 жылдың қараша айынан бастап жаңа технологиямен жабдықталып жаңартылған жаңа үлгідегі кітапхана.  2 компьютер /оқырман үшін1-компьютер интернет желісіне қосылған

                   Жүйе кітапханалары бойынша  қазіргі кезеңде:

              Сырдария ауданы көлеміндегі 39 мыңнан астам тұрғын халыққа 31 кітапхана мамандары қызмет  көрсетеді. Оның 13-жоғары арнаулы білімді, 18- арнаулы орта білімді. Оның ішінде:  Аудандық орталық кітапханада-12  маман, аудандық балалар кітапханасында- 3 маман,  филиалдарда-16 маман еңбек етеді.

              Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде барлығы 17 кітапхана халыққа қызмет көрсетуде. (1 – аудандық орталық кітапхана,

        1 аудандық балалар кітапханасы және 15 ауылдық кітапханалар). Оның үшеуі: аудандық орталық кітапхана, аудандық балалар кітапханасы және №1 филиал Тереңөзек кентінде орналасқан, 14 кітапхана әрбір шаруашылық орталықтарында орналасқан.  

             Кітапхана үйлерінің 3-уі жеке ғимаратқа (аудандық орталық кітапхана, аудандық балалар кітапханасы, О.Мәлібаев ауылдық кітапханасы), 11 кітапханалар – ауылдық мәдениет және клуб үйлерінде (Қалжан ахун, А.Тоқмағанбетов, Шаған, Ақжарма, Інкәрдария, Шіркейлі, Н.Ілиясов, Бесарық, Амангелды, Жетікөл, Қоғалыкөл), 3 кітапхана (№1 филиал, Айдарлы, С.Сейфуллин ауылдық кітапханалары) мектеп, шаруашылық және емхана ғимаратының бөлмелеріне орналасқан
Форма входа
Поиск
Календарь
«  Сәуір 2024  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Архив записей
Друзья сайта

Сырдырия кітапханасы © 2024
Хостинг от uCoz