"Сырдария аудандық орталықтандырылған*
                       кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі
Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 19
Статистика

Барлық онлайн: 1
Қонақтар: 1
Қолданушылар: 0

КІТАПХАНА ЕРЕЖЕСІ

Кітапхананың пайдалану ЕРЕЖЕСІ


I. Жалпы ереже

1.1. Аталмыш ереже Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты кітапханалар үшін жасалып отыр, оған кіретін Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Республикалық мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы, көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтардың республикалық кітапханасы, республикалық мемлекеттік балалар кітапханасы, облыстық балалар, облыстық кітапханалар: ғылыми-әмбебап, жасөспірімдер, көпшілік кітапханалар: орталық аудандық (қалалық) кітапханалар, орталық балалар кітапханалары, орталықтанған кітапханалар жүйесінің кітапхана филиалдары; (қалалық) селолық, балалар, жасөспірімдер. 
1.2. Кітапханалар кітап қорындағы барлық басылымдарды пайдалануды қоғамдық негізде ұйымдастырады. 
1.3. Кітапхана қорлары Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігі болып табылады және мемлекет қорғауында болады. 
1.4. Кітапханалар Қазақстан Республикасының экономикалық әлеуметтік және рухани дамуын әрі қарай дамыту мақсатында өз кітап қорларын тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге тиісті. 
1.5. Кітапхананы пайдалануға азаматтардың, мекемелер мен ұйымдардың, кәсіпорындардың құқы бар. Кітапханалар жалпыға бірдей қызмет көрсету пункттері, кітапханааралық абонемент, өзара кітап алмасу т.б. қызмет көрсететін формалары арқылы жүзеге асырылады. 
1.6. Кітапхананы пайдалану ақысы тегін. Тек қызмет көрсетудің кейбір түрлері ақылы болуы мүмкін, ақылы қызмет көрсетудің түрлері мен мөлшері тәртіп бойынша белгіленген. 
ІІ. Оқырмандардың құқығы мен міндеттері 
2.1. Оқырмандар 
- Тұрған жеріне, оқу орны, жұмыс немесе демалыс орны арқылы кітапхананы пайдалануға: 
- Белгілі бір уақытта басылымдарды үйіне алуға: оқу залында отырып жұмыс істеуіне, кітапханааралық абонемент немесе жүйеаралық кітап алмасу арқылы алуына. 
- анықтама–библиографиялық, ақпараттық қызметтің түрлерімен, тағы басқа кітапханада көрсетілген ақылы, ақысыз қызметтің түрлерімен пайдалануға. 
- оқырмандарға арналған көпшлік іс-шаралардың барлығына қатысуға құқылы. 
2.2. Кітапхана үйі маңайында уақытша тұратын азаматтар (іс-сапармен шыққан, демалыс, каникул, ауылшаруашылық жұмыстары науқанында) кітапхананың оқу залының қорын пайдалана алады. Кейбір жағдайларда оларға үйіне кітап алуға болады. Тек кепілдемеге кітапхана белгілеген ақша /зат/ беріп кетуі тиіс. 
2.3. 15 пен 21 жас аралығындағы қыздар мен балаларға жасөспірім кітапханалары, сонымен қатар ересектерге арналған кітапханалар қызмет көрсетеді. 
2.4. Мектеп жасына дейінгі балалар мен жалпы білім беретін мектептердің 1-9 сынып оқушыларына балалар кітапханалары қызмет көрсетеді. Тұрақты тұратын жерінде балалар кітапханасы болмаса, олардың ересектерге арналған кітапханаларға баруына болады. Мұндай жағдайда кітапханада мектеп оқушыларына қызмет көрсету кестесі немесе арнайы бөлім, сектор ашылуы мүмкін. 10-11 сынып оқушылары өз тілегімен балалар кітапханасына баруларына болады. 
2.5. Балалар оқуының жетекшілері мұғалімдер, тәрбиешілер, мектептен тыс мекемелердің қызметкерлері, ата-аналар өздеріне қажетті ақпарат алуы үшін балалар мен жасөспірімдер кітапханаларын пайдалануларына болады. 
2.6. Ұлы Отан Соғысы және еңбек мүгедектеріне кезектен тыс қызмет көрсетіледі. Қажет болған жағдайда кітапхана қызметкерлері немесе актив мүшелері олардың үйлеріне кітап жеткізіп береді. 
2.7. Кітапханаға жазылу үшін паспорт және оның орнына жүретін құжат болуы қажет. Оқырман билеті немесе формулярына тиісті мәліметтер жазылады. Мекен жайы немесе фамилиясы өзгерген жағдайда оқырман кітапханаға хабарлауы керек. 
16 жасқа дейінгі балалар ата-анасы берген қолхат негізінде жазыла алады. 
Оқу немесе емдеу орнының қамқорлығында тұрған балалар кітапханаға мекеме атынан қолхат арқылы жазыла алады. 
2.8. Кітапханаға жазылған оқырман осы жазылу ережесімен танысып, оны бұлжытпай орындауға оқырман билеті немесе формулярына қолын қояды. 
2.9. Оқырман басылымдарды 30 күн мерзімге үйіне ала алады, (балалар кітапханаларында 15 күн) журнал, газеттерді пайдалану мерзімін кітапхана белгілейді. 
2.10. Үйге алған басылымдардың пайдалану мерзімін басқа оқырмандар тарапынан сұраныс болмаса, ұзартуға құқы бар. (2 реттен аспауы керек. 90 күнге дейін). 
2.11. Оқырмандар. 
- Кітапхана қорынан алған баспа шығармалары, басқа да материалдарды бүлдіруге, шимайлап, беттерін бүктеуге, оқырман формуляры, басқа да есеп құжаттарына белгі соғылған басылымдарды (кітаптарды) кітапханадан алып шығуға болмайды, көрсетілген мерзімде кітапханаға қайтаруға міндетті. 
- Ашық сөрелердегі кітаптардың орнын ауыстыруына, каталогтар мен картотекалардың карточкасын суырып алуына болмайды. 
Баспа шығармаларын кітапханашыдан алғанда оның ақауын (жыртылған беттерін) байқап қалған жағдайда оқырман кітапханашыға көрсетуі керек. 
2.12. Оқырмандар- ересектер, мектеп оқушылары /мектеп жасына дейінгілерден басқа/ абонемент арқылы үйге алған әр кітап үшін жеке-жеке қол қояды. Кітап қайтадан қайтарылғанда кітапханашы оқырманның көзінше қол қойып қабылдауы тиіс. 
2.13. Кітапхана қорына зиян келтірушілер Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес материалдық, қылмыстық жағынан жауапкер болады. 
2.14. Кітапхана қорынан басылымдарды жоғалтып алған жеке оқырмандар, мекемелер мен ұйымдар жоғалған кітаптың орнына басқа басылым өткізуге тиісті немесе көшірімін жасауы керек. Егер мұндай мүмкіндік болмаса, басылымның 10 есе құнын төлейді. Жоғалтып алған басылымның бағасы кітапханалардағы қорды қайта бағалауды ескере отырып, есеп құжаттарында көрсетілген бағалар негізінде төленеді. 
2.15. Балалар мен жасөспірімдер кітапханалары, тағы басқа оқырмандарға қызмет көрсететін кітапханалар қорынан жоғалған кітаптар, басылымдар мазмұны мен бағасы жағынан лайық деп танылған әдебиеттермен айырбасталады. 
Жасөспірім оқырмандар үшін олардың ата-анасы, мектебі немесе оларды қамқорлыққа алған мекемелер жауапкер болады. Жалақы немесе стипендия алатын, кәмелетке толмаған жасөспірімдер құнын төлеуге міндетті. 
2.16. Кітапхананы пайдалану ережесін бұзғаны үшін оқырмандар, мекемелер мен ұйымдар, кітапхана 
әкімшілігі арқылы белгіленген мерзімге оқырман қатарынан шығарылады. Осы ережені өрескел бұзғаны үшін кейбір оқырмандар ісі еңбек ұжымдарына, оқу орындарына немесе халықтық сотқа беріледі. 

ІІІ. Оқырмандарға қызмет көрсетуде 
кітапханалардың құқы мен міндеттері. 

3.1. Кітапханалар міндеттері. 
- Кітапхана тарыпынан көрсетілетін қызметтері жайлы көпшілік тұрғындар арасында насихаттауға, халықты кітапханаларға тарту мақсатында іс- шаралар өткізуге: 
- Оқырмандардың кітап қорын пайдалануын, олардың сұранысын толық қанағаттандыруын қамтамасыз етуді: 
- Оқырмандармен жұмысты әртүрлі формаларды пайдалана отырып, анықтама-библиографиялық, ақпараттық қызмет көрсетуге, әдебиеттерді кеңінен насихаттауға: 
- Балалардың кітап оқуға ынтасын арттыруға, білімге ұмтылуына, олардың бойына адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына, Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілін меңгеруге көмектесуге: 
- Оқырманға қызмет көрсетуде мәдениеттілік көрсетуге, қажетті басылымдарын таңдап алуына көмектесуге, анықтама-библиографиялық ақпаратты пайдалануға мүмкіндік туғызуға, жаңа әдебиеттерді, кітап көрмелерін кеңінен ұсынуға: 
- Кітап қорының сақталуын және тиімді пайдалануын қамтамасыз етуге. 
- Үйге алған кітаптардың мерзімінде қайтарылуын қадағалап отыруға, кейбір жағдайларда пайдалану мерзімін қысқартуға міндетті. 
- Кітаптың пайдалану күні өткеннен кейін оқырманға ескерту хат жіберуге немесе телефонмен ескертуге, егер кітап немесе басқа басылымдар айтылған мерзімінде қайтарылмаса қайтаруды талап етуге немесе мазмұны жағынан тең келетін басылыммен орнын толтыруға ескерту хатта басылым кітапханаға уақытында тапсырылмаған жағдайда оның құқын 10 есе төлейтіні (қайта бағаланған бағасын ескере отырып) көрсетіледі. 
3.2. Егер оқырман басылымды көрсетілген уақытта қайтармаса, әрі басқа басылыммен айырбастамаса, ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің 2007 жылғы 25 мамырдағы №152 бұйрығы бойынша «Кітапхана қорларын сақтау және пайдалану жөніндегі ережесіне» сәйкес кітап құнын 10 есе өндіріп алуды талап ететін хатты нотариалдық кеңсеге жолдайды. 
3.3. Оқырмандардан түскен ақша кітапхананың немесе мәдениет органының орталықтандырылған бухгалтериясының есеп-шотына аударылады. 
Оқырман басылымдардың 10 есе кұнын өз еркімен де төлеуіне болады. Бұл ақша кітапхананың кассасына түседі. Түскен ақшаға кіріс ордері толтырылып, оқырманға квитанция беріледі. 
3.4. Мұндай қаржы кітапхананың қорын толықтыруға, кейбір басылымдарды жөндеп, қайта қалпына келтіруге т.б. кітап қорын сақтауды қамтамасыз ететін іс–шараларға жұмсалады.
Форма входа
Поиск
Календарь
«  Сәуір 2024  »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Архив записей
Друзья сайта

Сырдырия кітапханасы © 2024
Хостинг от uCoz